Энергетикалық шикізатты игеру үшін жаңа ғылыми жетілген тәсілдер қажет - Б. Жұмағұлов
Қазақстан үшін энергетикалық шикізатты игеру бойынша жаңа ғылыми жетілген тәсілдер қажет.
Бүгін Астанада өтіп жатқан «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы барысында ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов осындай пікір білдірді. Форум аясында «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақтастық механизмі» тақырыбында конференция өтіп жатыр.
«Энергетика саласының ғылыми және инженерлік әлеуетпен қамтымдылығына баса назар аудару қажет етіледі. Бұл әсіресе осы саладағы бәсекелестіктің қатаң артуына және энергетикалық ресурстарды өндірудің күрделене, қиындай түсуіне байланысты онан сайын өзекті болып отыр», -деді Бақытжан Жұмагұлов конференция барысындағы сөзінде.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда энергетикалық шикізатты өндіруге жаңа ғылыми тәсілдер, тасымалдардың, өңдеу мен өндірудің жаңа технологиялары, сонымен бірге, жаңа буынды кадрлар әлеуеті барынша қажет.
«Ғылым мен инженерлік ойлау мәселесін, әрине, бәрі ұсынғысы келеді. Сонымен қоса, мен бұл жайтты қандай да бір жалпылама долбарға салып айтып отырған жоқпын, дәл осы саламен тікелей айналысатын ғалым ретінде көтеріп отырмын», - деді Б. Жұмағұлов.
Дереккөзі: inform.kz