Өзектi

Cарапшы мамандар ТарМУ-ға келді

25.09.2015

5165

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бас ғимаратының мәжіліс залында АҚШ-тың кәсіби сарапшы мамандары ТарМУ-дың бақылау кеңесі мүшелеріне оқыту семинарын өткізді.

Естеріңізге сала кетсек былтырғы жылы Қазақстандағы алты жоғары оқу орнында, оның ішінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлеккеттік университетінде бақылау кеңесі құрылған болатын. 2014 жылдан бері Назарбаев университеті мен Пенсильвания (АҚШ) университеті бірігіп «Қазақстандағы жоғары оқу орындарының академиялық басқару және менеджментінің үздік тәжірибе үлгісін дамыту» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жобада жоғары оқу орнынан институционалды автономияға өтуде бақылау кеңесінің рөлі айтылады. Қазақстандағы 25 жоғары оқу орындарының бақылау кеңесі мүшелерінің жұмыстарына талдау жасалынып, Білім және ғылым Министрлігіне ұсыныс жасалынған.
Аталмыш шарада жобаның жетекшісі, профессор, Пенсильвания университеті Жоғарғы білім беру мектебінің деканы Мэттью Хартли мен Ла-Верна университеті бақылау кеңесінің мүшесі, доктор Питер Эккель өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда алғашқы сөзді Назарбаев Университеті Білім беру саясаты орталығының директоры Аида Сағынтаева алып жоба барысымен толық таныстырып өтті. Бақылау кеңесінің жұмысын жетілдіру мақсатында Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарымен кездесулер ұйымдастырып, семинар өткізуде ең бірінші оқу ордасы ретінде ТарМУ-дан бастағандарын айтты.
Профессор Мэттью Хартли өз сөзінің басында университет басшылығы мен оқытушыларына алғысын білдірді. ТарМУ-ды озық білім ордасы ретінде білетінін және үнемі жаңашылдыққа ұмтылатынын атап өтті. Инновацияға ұмтылу барысындағы түрлі реформалар білім сапасының жақсаруына алып келеді. Автономияға ұмтылу арқылы қаражатты үнемдеп оны тиімді жұмсауға мүмкіндік туатынын өз сөзінде айтып, бақылау кеңесі жұмысының жақсаруына оң әсер ететінін атап өтті. ТарМУ-дың профессор-оқытушылар құрамы мен бақылау кеңесінің мүшелері қатысқан семинарда профессор Мэттью Хартли мен доктор Питер Эккель АҚШ-та білім ордасының атқару комитетінің міндеттерімен таныстырды. Ректордың негізгі міндеттерін де айтып өтті.
Өз тәжірибелерімен бөліскен Американың сарапшы мамандары маңызды мәліметтермен бөлісіп, ситуациялық сұрақтар арқылы оқытушылар арасында өзара пікірлерімен алмасты.

Дереккөз: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар