Өзектi

Оңтүстікте маңызды ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

25.09.2015

5405

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2015 ж. қазан айының 29-30 күндері «Нұрлы жол»- еліміздің индустриалдық-инновациялық даму жолындағы стратегиялық қадам» - атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
1. Технологиялық машиналар мен жабдықтар;
2. Мұнай газ ісі;
3. Механика және машина жасау;
4. Стандартизация, сертификация және метрология;
5. Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
6. Жаңартылған энергетика, ресурс және энергия үнемдеуші технологиялар.
Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар шақырылады. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар