ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәжік жастарын қазақстандық ЖОО-ларға түсуге шақырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен Душанбедегі келіссөз қорытындысында айтты.
«Біз Тәжікстан жастарын Қазақстан университеттеріне түсуге шақырамыз», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанда өте жақсы халықаралық университеттер барын атап өтті.
«Досым Президент Эмомали Шариповичтің ұсынымы бойынша Қазақстан тәжік жастарының ел университеттерінде білім алуына грант бөлуге әзір», - деді Н. Назарбаев.
Оның айтуынша, біздің оқу орындарында бүгін шетелден студенттер білім алуда.
«Түркістанда қазақ-түрік университеті бар, Астанада, Алматыда өте мықты университеттер бар, біз жастар бір-бірін танып, біліп, тиісінше дамуы үшін алмасуымыз қажет», - деді Н. Назарбаев.
Дереккөзі: inform.kz