Өзектi

Дұрыс тамақтану. Қазақстан тағамдарының дәмі

14.09.2015

5383

2015 жылдың 11 қыркүйек айында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Slow food Astana» Ассоциациясымен бірлесіп «Дұрыс тамақтану. Қазақстан тағамдарының дәмі» атты Бірінші Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияөткізілді.

Аталмыш жоба елімізде мазмұны бойынша бірегей жоба болып табылады

Конференцияға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты: Қазақстандағы Италия елшіліктің коммерциялық сұрақтар бойынша атташе– Джанкарло Гобби мырза, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) тұрақты өкілдіктің орынбасары - Туя Алтангерел, Slow Food Astana Халықаралық Ассоциация үкіметінің Лидері – Ахметова Х.Ж., "Отбасым" ұлттық құндылықтар орталығының басқармасы – Ш.В.Сыздықова, Slow Food Almaty Конвивиумның Лидері - Левин В.Г., шағын және орта бизнес өкілдері, білім беру жүйесін ұйымдастыру өкілдері, және университетіміздің профессорлары мен оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер.

Іс-шаралардың негізгі серіктестіктері болып «Slow Food International», «Slow Food International» Қазақстандық конвивиумы, "Отбасым" ұлттық құндылықтар орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасы ұйымдары қомақты үлес қосты.

Конференцияның жұмысына 250 адам қатысты, оның ішінде ғалымдар, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, қоғамдық тамақтандыру саласының қайраткерлері, фермерлер, бағбандар, көкөніс өсірушілер, сондай-ақ, Италия, Ресей, Қырғыстан және Қазақстан аймақтарының өкілдері.

Конференция аясында «Қазақстан тағамдарының дәмі– біздің тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз» атты көрме ұйымдастырылды

Көрмеде ұмыт болып бара жатқан дәстүрлі тағамдармен таныстырып, астың дәмін тату рәсімі өткізілді.

Дереккөзі: kazatu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар