Өзектi

Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық саласының ғалымдары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

10.09.2015

5520

Курчатов қаласында өтіп жатқан «Ядролық және радиациялық физика» 10-шы Халықаралық баспасөз конференциясының аясында ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен АҚШ Энергетика департаментінің Айдахо Ұлттық зертханасы арасында ынтымақтастық қатынастардағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға ҚР ҰЯО Бас директоры Эрлан Батырбеков пен Айдахо Ұлттық зертханасының талдау және ядролық жүйелерді жасау бөлімінің директоры Александр Станулеску қол қойды.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің Ақпараттық секторының хабарлауынша, «Ядролық және радиациялық физика» 10-шы Халықаралық конференциясы Курчатов қаласында 8-11 қыркүйек күндері аралығында өтіп жатыр. Оның барысында атом энергетикасы, ядролық физика, радиациялық экология, медицина және өнеркәсіптегі ядролық және радиациялық әдістемелер мәселелері қарастырылуда. Оларды талқылауға әлемнің 20-дан астам елінің: АҚШ, Франция, Жапония, Бельгия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қытай, Беларусь, Ресей, Чехия және т.б өкілдері қатысып жатыр.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар