Өзектi

Қазақстан ЖОО-лары Қырғызстан студенттері арасында сұранысқа ие - Қырғызстан БҒМ басшысы

10.09.2015

5301

Қазақстан жоғары оқу орындары Қырғызстаннан келген студенттер арасында танымал. Бұл туралы бүгін Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңес барысында тілшілерге берген сұхбатында Қырғызстан Білім және ғылым министрі Эльвира Сариева мәлім етті.
«ТМД елдерінде студенттердің елеулі көлемі Ресейге, содан кейін Қазақстанға барады. Яғни, осы екі мемлекетке үлкен сұраныс бар. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты өте үлкен сұранысқа ие болып отыр. Атап айтқанда, студенттер мамандықтардың кең ауқымын таңдауда, алайда негізінен жаратылыстану-ғылыми бағыттарға көбінесе назар аударып келеді»,-деді ол.

Э. Сариева Қырғызстаннан Қазақстанға келіп оқып жатқан студенттердің нақты санын айта алмады. Оның пайымынша, шамамен 5 мыңнан астам жастар елімізде білім алуда.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы жоғары оқу орындары өздерінің жақындығымен, қаржылық жағынан, білім сапасымен және жұмысқа орналасу жағдайымын тартымды болуда.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар