Өзектi

Халықаралық жиын ата заңға арналды

04.09.2015

5517

28-тамыз күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында «Қазақстан Республикасы конституциясына 20 жыл: бастауы, теориясы және қазіргі заманғы тәжірибесі» атты халықаралық конференциясы өтті. Оқу ордамызбен Жамбыл облыстық соттары ұйымдастырған шараға Қырғызстан және Өзбекстан сот жүйесінің өкілдері, судьялар мен ардагер судьялар, сот қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарынң өкілдері қатысты.

Жиынды М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды. Университет басшысы, 1995 жылдың 30 тамызында бікілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияның ел дамуының тарихындағы алар орнына тоқталып, жан-жақты зерделеп өтті. Сонымен қатар, «Конституциямызда «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық», деп жазылған. Сондай-ақ, Ата заңда «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған, ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп көрсетілген. Қазақстан осы қағидаларды қатаң басшылыққа ала отырып, дамып келеді. Соның арқасында бізді қазіргі таңда әлем таныды. Қазақстан өзіндік даму моделі бар мемлекетке айналды», – деп сөзін қорытындылап, университет ұжымын, конференцияға келген қонақтарды айтулы мерекемен құттықтады. Одан кейін сөз алған,облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов жиналғандарды Ата Заңымыздың мерейлі мерекесімен құттықтап, конференцияның жұмысына сәттілік тіледі. Жоғарғы соттың судьясы Нұржан Қайыпжан мен Жоғарғы Соттың төрағасы Қайрат Мамидің құттықтау сөздерін оқып берді. Онда Қазақстан халқы осыдан жиырма жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция мемлкетіміздің гүлденуінің басты кепілі екендігі атап өтілген. Конституция – мемлекеттің ұзақ мерзімдік және ең жоғары заңдық күші бар нормативтік-құқықтық актісі, мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінің алтын діңгегі. Конституция мемлекеттегі заңдылықты айқындайтын басты бағдаршам», – делінген хабарламада.
Келелі кеңесте облыстық соттың төрағасы Р. Алшынбаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов, Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты К. Абакиров, Өзбекстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Зерттеу орталығының кеңесшісі Т. Абдулғазиев, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Нұрманбетов пен тағы басқалары Ата Заң аясында баяндамалар жасады.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция соңында университеттің профессор-оқытуышар құрамы мен жиналған қауым келген қонақтарға мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Дерекқөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар