Өзектi

Мәңгілік ел болашағымыздың бағдары

04.09.2015

5684

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты Елбасымыздың Жолдауы - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және бес халықтық реформа, 100 қадам бағдарламасын жүзеге асыру.
Вице-министр жиында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тарихи маңызы жөнінде, Елбасының білім беру саласын одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмаларын жүзеге асыру туралы баяндама жасады. Кездесу барысында Тахир Балықбаев 12 жылдық білім беру жүйесі, индустриалды-инновациялық дамуға мамандар дайындау, педагогикалық білімді дамыту және жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқыту сынды мәселелерді қарастырды.
Жиынның сұрақ-жауап бөлімінде оқытушылар тарапынан мемлекеттік тіл мәртебесі, оқытушылардың жалақы мәселесі, «Мәңгілік ел» идеясы және бес халықтық реформаға қатысты сан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Кездесу соңында университет ректоры Махметғали Сарыбеков Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауының тарихи маңызы жөнінде және Елбасының білім беру және ғылым саласын одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмаларын жүзеге асыру туралы мазмұнды баяндама жасап, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар бергені үшін ҚР білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа ризашылығын білдірді.

Дерекқөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар