Өзектi

Қызылорда облысында жарық диодты шамдар шығаратын кәсіпорын іске қосылды

04.09.2015

5491

Конституция күні қарсаңында Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жарық диодты шамдар шығаратын кәсіпорын ашылды.
Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан жобаның құны 98 миллион теңге шамасында. Зауыт ресейлік «Ника» компаниясының құрал- жабдығымен жарақтандырылған.
«Қазэнергияүнемдеу» ЖШС қолдауымен Жалағаш ауданындағы «Серпін» өндірістік аумағында орналасқан зауыт жылына 31,2 мың данадан астам шам шығаруға қауқарлы.
Өндіріс ошағы 1 айда 2 мың дана кеңсе және 300 дана көше шамын әзірлейді. Сонымен қатар 300 дана ірі жарықтандырғыш прожектор құрастыра алады. Зауыт өнімдері қуат көзін 3 есеге дейін үнемдейді және ұзаққа жарамды.
Зауытта шығарылатын өнім түрлерін пәтерлерде, қоғамдық және кеңселік ғимараттарда пайдалануға болады. Сондай-ақ көшелер мен саябақтарды, тас жолдарды, өнеркәсіптік нысандарды жарықтандыруға да өте қажет.
Өндірістің іске қосылуының арқасында 30 адамға жүық жұмыс орнымен қамтылып отыр. Кәсіпорын толық қуатты жұмыс істеген уақытта қызметкерлер саны 35-ке жеткізіледі деп отыр зауыт басшылығы.
Қазіргі уақытта Жалағаштың ең үлкен көшесі осы диодты шамдармен жарықтандырылған.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар