Өзектi

Айдын Айымбетов ғарышта ұлттық тағамдармен тамақтанады

01.09.2015

5328

Айдын Айымбетов ғарышқа ұлттық тағам элементтері бар азық-түлік апарады. Қазақстандық ғарышкер үшін 9 тамақтан тұратын «Дастарқан» мәзірі әзірленген.
Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының арнайы тағамдар биотехнологиясы зертханасының жетекшісі Юрий Синявский баяндады.

Мәзірге құрғақ бие сүтінен жасалған, түрлі дәмдеуіштер, дән, қарақат қосылған ірімшік, құрт, кондитерлік өнімдер, өрік-мейізден кептірілген шығыс тәттілері, жылқы етінің сорпасы, лимон қосылған шай енген.

«Тағамдар «Дастарқан-6» контейнеріне салынып, Байқоңырға жөнелтіледі. Сол жерден ол Халықаралық ғарыш стансасына жеткізіледі. Азық-түлік Қазақ тағамтану академиясында жасалды. Кейін Бирюлев эксперименталдық зауытында арнайы құтыға салынды», - деді Ю.Синявский.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар