Өзектi

Қ.Салғараұлы жаңа еңбегінде ресми тарихтағы түрік халықтары ғұмырнамасының басталуы дұрыс еместігін дәлелдеді - ғалымдар

27.08.2015

6103

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлы¬ғының және Күлтегін сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым әрі жазушы Қойшығара Салғараұлының «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» деп аталатын жаңа кітабы тың деректер, соны материалдармен айрықша назар аудартады, деп жазады техника ғылымдарының докторы Керімжан Сейітжанов пен профессор Сағынғали Әбубәкіров «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Тегін білу - тектілік» мақаласында.
Автор еңбегінде бұрын-соңды зерттеушілердің қаламына ілікпеген әлем халықтарының мифологиясындағы деректерді бүгінгі ғылым жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы бабаларымыздың адамзаттың дамуына қосқан үлесін керемет шебер көрсеткен. Жаңа еңбектің зерттеу ауқымы тіпті, тереңге кетіп, адамзаттың жаратылыс кезеңі мен алғашқы өркениеттер туралы сыр шертеді.
Автор бұл еңбегінің алдына қойған басты мақсаты туралы: «Біз бұл еңбегімізде зияткерлік, рухани-әлеуметтік өзгерістер төңкерісін жасаған «кіндік уақыт» ғұламаларының осылайша қайта пайымдау-ларынан өтіп, кейінгі заманға екшеліп, іріктеліп, сүзгіленіп жеткен мифологияның танымдық толғамдарынан тілдік, тарихтық деректері арқылы адамзат баласының ресми ортақ тарихындағы түрік халықтарының ғұмырнамасының х.э. кейінгі VI ғасырдан басталуының дұрыс еместігін, олардың атамзаманнан бері бар, ежелгі көне халықтардың бірі екенін дәлелдеуге талаптанып көрмекпіз», - дейді.

Бұл еңбек сол естен өшкен ескі замандарда-ақ Дельфі храмының маңдайшасына айшықтап жазылған «Өзіңді таны» қағидасының мәнін түсіндіруден басталып, бұдан мыңдаған жылдар бұрын жазылған, әлемнің түкпір-түкпірінен табылған тарихи мәтіндерді қазақша сөйлетумен аяқталады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар