Өзектi

ҰБТ-ны онлайн режімде өткізу мүмкіндігі қарастырылуда - А. Сәрінжіпов

27.08.2015

5849

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҰБТ-ны онлайн режімде өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқандығын хабарлады.
«Бүгінде біздің басты мақсатымыз білім берудің мазмұнын жетілдіру болып табылады, ал бағалау жүйесі мазмұнмен тікелей байланған. Яғни, егер де біз білімді дамытуға ғана емес, сонымен қатар дағды мен компетенцияны дамытуға екпін қоятындығымызды айтатын болсақ, онда сәйкесінше осы дағдыны бағалай алатын жүйе қажет болады. Биыл біз ҰБТ-ны әкімшілеу мәселелерін жаңғырту бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді министр.

«Бағалаудың жаңа жүйесіне тоқталатын болсақ, осы бағытта түрлі нұсқаларды қарастырамыз. Оның ішінде ҰБТ-ны онлайн түрде тапсыру да бар. Кеше біз тиісті ұсыныстарды талқыладық. Бұларды бейінді және базалық емтихандар болуы үшін қазіргі кезде бақылау бойынша комитет әзірлеп жатыр. Осы жұмыстарды біз жалғастырмақпыз», - деді ведомство басшысы.

Осы орайда ол жаңа оқу жылының соңында ҰБТ форматы бұрынғысынша қалатындығын, бірақ та ұсыныстар тестілік режімде қанатқақты мектептердің базасында тексерілетіндігін атап өтті.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар