Өзектi

Астанада «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім – мектепті жаңғыртудың негізі бағдарламасы» панелді сессиясы өтті

26.08.2015

5681

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім - мектепті жаңғырту негізі бағдарламасы» панелді сессиясы 24 тамыз Республиканың Ұлттық Академиялық кітапханасының ғимаратында өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Сессия Қазақстан Республикасының «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және білікті тәсілдер – табысты мектепке жету жолы» педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі форумының аясында өтті. Жиналыстың мақсаты барлық мектеп пәндерінің мазмұнына жалпы адами құндылықтарды кіріктіру арқылы адамгершілік-рухани тәрбие жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету болды. Сессия жұмысына педагогтар, органдар мен білім беру ұйымдарының басшылары, «Бөбек» ҰҒПББСО, ата-аналар қоғамдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Авторы «Бөбек» балалар қорының президенті Сара Алпысқызы болып табылатын «Өзін-өзі тану» адамның адамгершілік-рухани даму бағдарламасы педагогтар, ата-аналар және қоғам алдында бірыңғай міндет қояды: өсіп келе жатқан буынға жалпы адами құндылықтардың жасампаз мағынасын көрсету.

Мәжілісте «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын жүзеге асыру, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда мұғалімдердің рөлі, өзін-өзі тануды білім беру ұйымдарының біртұтас педагогикалық процесіне кіріктіру мәселелері, осы адамгершілік-рухани бағдарлама бойынша пилоттық ұйымдарда ғылыми-әдістемелік қолдау бағдарламаларын іске асырудың өзекті сұрақтар талқыланды.

Қорытынды бойынша ұсыныстар қабылданды.

Дереккөзі: edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар