Өзектi

«Болашақ» бағдарламасына «магистратураға үміткер инженерлік-техникалық қызметкер» санаты енгізіледі

18.08.2015

4896

«Болашақ» бағдарламасына «магистратураға үміткер инженерлік-техникалық қызметкер» санаты енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті.
«2016 жылдан бастап үміткерлердің «ЖОО түлегі» санатын алып тастау жоспарлануда. Бұл санаттың орнына «магистратураға үміткер инженерлік-техникалық қызметкер» атты жаңа санат енгізілетін болады»,- деді Ғ.Нығметов.

Оның атап өтуінше, бұл «Болашақ» бағдарламасының инженерлік әлеуетін арттыру үшін қолға алынуда. Жоғары техникалық білім алған және өндірісте 2 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар «Болашақ» бағдарламасымен магистратурада білім ала алады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар