Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтың қатысуымен
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтың қатысуымен «Жазғы демалысты ұйымдастыру мен балаларды сауықтыру және олармен аз қамтылған отбасы балаларын қамтамасыз ету» және «Мектепке жол» жыл сайынғы акциясын өткізу шеңберінде балаларды мектепке дайындау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясы барысыныда вице-министр Е. Иманғалиев «2015 жылғы жазғы сауықтыру мерзіміне дайындық ерте бастан басталды және министрлік пен қызығушылығы бар мемлекеттік органдарда тұрақты бақылауда» деп хабарлады. Сонымен, бүгінгі күнде республика бойынша 11 092 сауықтыру алаңдары мен лагерлері жұмыс жасайды. Жазғы демалыс барысында оларда 1,5 миллион шамасындағы оқушылар демалды.
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін 300 еңбек және демалыс лагері, 600 шамасында мектептік орман шаруашылығы, 2000 аса мезгілдік еңбек отрядтары, 1000 аса тіл мектептері және пікірталас лагерлері, 10 000 шамасында үйірмелер мен клубтар жұмыс жасады. Қазір жергілікті атқарушы органдармен бірге республикада оқушыларды жұмыспен қамту және уақыт өткізу объектілерін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жазғы демалыс мерзімінде балалардың қауіпсіздігі үшін білім, өрт бақылау, санитарлы-эпидемиологиялық бақылау органдарымен және ұйымдарымен және құқық қорғаушылық қызметтермен тиісті ақпараттық-түсініктеме жұмыстар жүргізіледі.
Дәстүрлі 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол»-«Дорога в школу» қайырымдылық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты – оқу жылының басталуында аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауын ескерту.
Акция барысында рейдтік іс-шаралар, аулалық (пәтерлік) тексерістер арқылы мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сонымен қатар халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобының балаларын мектепк дайындауда көмек көрсетуге көп көңіл бөлінеді.
Баспасөз конференциясының қорытындысында вице-министр Е. Иманғалиев ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан еліміздің барлық азаматтарына, іскерлеріне, кәсіпкерлеріне, жебеушілеріне «Мектепке жол»-«Дорога в школу» акциясына қосылуға және өмірдің ауыр жағдайында қалған отбасы мен балаларға шамадан келгенше үлестерін қосуға, сонымен қатар әр балаға мектепке өз жолын табуға көмектесуге ұсыныс жасады
Анықтама: «Мектепке жол»-«Дорога в школу» акциясын өткізуде жеті жыл барысында 2 млн. аса бала жалпы сомасы 10 млрд. теңге шамасында материалдық көмек алды. Демеушілер мен жебеушілерден 4,4 млрд. теңгеден аса сомада айтарлықтай жәрдем мен қолдау көрсетілді. Мемлекеттік органдар, ірі компаниялар және акционерлік қауымдастықтар көмектері арқасында өткен жылы ғана осы санаттағы 190 215 балаға 1 млрд. 159 млн. теңгеден жоғары сомада көмек көрсетілген.
Ағымдағы жылы акцияның алғашқы он күнінде 16 000 бала жалпы сомасы 122 млн. теңге шамасын құрайтын материалдық көмек алды. Оның ішінде демеушілер мен жебеушілерден 10 610 балаға жалпы сомасы 60 млн. теңге шамасындағы көмек көрсетілді.
Дереккөзі: edu.gov.kz