Қазақстандық ЖОО-лар мамандарды ресейліктерден кем даярлап отырған жоқ - Ахмет Иасауи атындағы ХҚТУ президенті
Қазақстандық ЖОО-лар білікті мамандарды ресейлік оқу орындарынан кем даярлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Уәлихан Әбдібеков мәлім етті.
«Қазақстандағы жоғары оқу орындары мамандарды ресейлік университеттерден кем даярлаg отырған жоқ. Екіншіден, біздің бағдарламалардың сапасы көп бағыттар бойынша ресейліктен жоғары. Оқу бағдарламаларын даярлаушылардың бірі болғандықтан, мен осыны сеніммен айта аламын. Сондықтан да қазақстандық түлектер бәсекелестіктен қорықпайды», - деді физика-математика ғылымдарының докторы, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы үшін кадрларды даярлау тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, егер де ЕАЭО аясында еліміздің еңбек нарығына шетелдік мамандар келсе, біздің кадрларда олармен бәсекелестікке түсу мүмкіндігі туындайды.
«Бұл алаң ашық болған еді, енді ЕАЭО іске қосылғаннан кейін қолжетімдірек бола түсті. Сонымен бірге осы үрдістер аясында жоғары білікті кадрларды даярлау тұрғысында өзге мемлекеттерді қаншалықты басып озғанымызды нақты көретін боламыз», - деді ғалым.
Дереккөзі: inform.kz