Ғылыми жаңалықтар

Елімізде технологияларды дамытудың 5 орталығы құрылады

14.07.2015

5574

2015 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Инновациялық кластерлер және ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтер нәтижелерін коммерциаландыруды дамыту туралы» тақырыбына брифинг өтті.
Брифинг жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаев, «Технологияларды коммерциаландыру орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары А.Ғ.Нұрлыбаева, «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығының уәкілетті өкілі Д.Қ.Абылқайыров қатысты.
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспары. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» шеңберінде ғылымды қажетсінетін экономиканы қалыптастыру мақсатында 63,64 қадам анықталды. 63-қадамғы сәйкес Мемлекет басшысы ғылымды қажетсінетін экономиканы қалыптастырудың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамытуды қамтамасыз ету міндетін қойды. «Astana Business Campus» 3 ғылыми-техникалық кластер: жоғары технология, биомедициналық және геологиялық, Инновациялық технологиялар паркінде – ТҰК және аймақтық стартап-хабтың қатысуымен технологияларды дамытудың 5 орталығын құру қарастырылуда.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру туралы» ҚР Заң жобасын әзірлеуде. Заң Қазақстан Республикасында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру жүйесі қызметін жүзеге асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Заңды қабылдау ҒҒТҚН коммерциаландырудың бірыңғай тетігін енгізуге, бизнесті отандық технологиялар мен әзірлемелерді ендірге ынталандыру, ЖОО және ҒЗИ технологияларды коммерцияландыру офистерінің рөлін күшейтуге, ҒҒТҚН коммерциаландырудың сервистік инфрақұрылымын дамытуға, экономиканың нақты секторына ҒҒТҚН ендіруге коммерциаландыру процесінің барлық қатысушыларының қаржылық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасында ғылым саласын одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мақұлданды. Жүйелік қайта құруларды іске асыру Ұлт жоспары –«100 нақты қадамға» сәйкес жүзеге асырылатын болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Технологияларды коммерциаландыру» жобасын іске асырады, оның көмегімен жоғары коммециялық әлеуеті бар 65 ғылыми әзірлеме 5,9 млрд. теңгеге қаржыландырды. Бүгінгі таңда 20 компания сатуға шықты, жобалар бойынша сату сомасы 103,4 млн. теңге, 34 келісім жасалды және 4 лицензиялық келісімге қол қойылды.
«« | »»
Соңғы жаңалықтар