Ғылыми жаңалықтар

ҚазҰАУ мен «Нору» сенімді серіктес

08.07.2015

5883

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің сенімді серіктестерінің қатарына Оңтүстік Кореяның «Нору» корпорациясы қосылды.

Жуырда аталған корпорация ғалымдары университетімізде болды. Оқу орны ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполов «Нору» президенті Хан Ен Дже, вице-президент Хан дон Еп және атқарушы директоры Ван Ги Хо мырзалармен келіссөздер жүргізіп, екі жақты бірлескен меморандумға қол қойды.

Тараптар кездесудің алдағы уақытта екі жақты тығыз байланысты нығайтып, өзара қарым-қантынасты күшейте түсетіндігіне тоқталды. Ғалымдар алдағы уақытта атқарылатын ғылыми-зерттеушілік бағыттағы іс-шараларды талқылады. Әңгіме өзегі одан әрі Қазақстан – Оңтүстік Корея инновациялық орталығында жалғасын тапты.

Кездесу барысында ректор: «Бүгінгі күні біздің университетімізде өзара серіктестікке үлкен мүмкіндіктердің кезеңі ашылды. Мұның бәрі де ауыл шаруашылығын дамытуды айқындауға мол мүмкіндік береді»- деп негізгі бағыттарын атап көрсетті.

Оқу орны басшысы мамандар даярлау мен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу өте күрделі екендігін және оны жүйелі жүргізудің жолдары бірлесікен жағадайда тиімді шешілетіндігін айрықша атап өтті. Екі жақты әңгіме барысында ҚазҰАУ аумағында жаңа жылыжайлар салу жобасы пысықталды. Бұған кореялық серіктестер өте ынталы әрі баса көңіл бөліп отыр.

Дереккөзі: kaznau.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар