«Thomson Reuters и IET Қазқстан Республикасындағы ғылыми баспалардың жарияланымдылық белсенділігінің стратегиялары туралы» семинары
2013 жылдың 30 қазанында Алматы қ. «ҰҒТАО» АҚ мен Thomson Reuters өкілдерінің бірлескен «Thomson Reuters и IET Қазқстан Республикасындағы ғылыми баспалардың жарияланымдылық белсенділігінің стратегиялары туралы» атты тақырыпта семинар өткізді. Семнарға қазақстандық ғылыми ұйымдардың, ЖОО және ғылыми баспалар өкілдерінің қатары қатысты. Олардың тізімінде: ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Жер туралы ғылым орталығы, металлургия және байыту, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Д.А.Қонаев атындағы тау-кен институты бар.
Семинар қатысушылары Қазақстандағы Web of Science мазмұнын тандау саясатымен және олардың қызметін жетілдіру бойынша журналдың редакция алқаларының ұсыныстарымен, INSPEC мәліметтер базасымен, редакциялық саясатымен және қолданылуымен, сонымен қатар Web of Science мәліметтер базасындағы жарияланымдардың пайдаланылу статистикасымен танысты.
Семинардың баяндамашылары James Testa- Thomson Reuters редакциялық саясаты жөніндегі құрметті президенті («Web of Science мазмұнын тандау саясаты және олардың қызметін жетілдіру бойынша журналдың редакция алқаларына ұсыныстар»), Yann Amouroux- INSPEC клиенттерімен өзара іс-әрекет жасау жөніндегі директор), Олег Уткин және Сергей Парамонов («Қазақстандағы Web of Science мәліметтер базасындағы жарияланымдарды пайдалану статистикасы») болды.