Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандық ЖОО-лар ИИД МБ-ның жекелеген мамандықтары бойынша біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшеді

02.07.2015

4975

Қазақстандық ЖОО-лар ИИД ММ жекелеген мамандықтары бойынша біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшеді. Бұл туралы Астанада алқаның селекторлық кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов хабарлады.
«Министрлік үштілділік жобасын іске асыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл қадамды іске асыру үшін ЖОО-ларда ИИД ММ жекелеген мамандықтары, сондай-ақ педагогикалық ЖОО-ларда жаратылыстану-математикалық циклдің жекелеген мамандықтары бойынша біртіндеп ағылшын тіліне көшуді жүзеге асыру жоспарлануда. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша ағылшын тілінде оқыту үшін 1 800 магистрант, 900 бакалавр қабылдауды ұлғайту жоспарлануда», - деді А. Сәрінжіпов.

ҚР БҒМ басшысының айтуынша, тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін ЖОО бөлімшелері ашылып, екі мыңдай мұғалімнің біліктілігі арттырылады.

«Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша шетел оқулықтары әзірленіп, ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары мен оқулықтар шығарылады. Барлық шараларды білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мембағдарламасының екінші кезеңінің аясында іске асыру жоспарлануда», - деп қосты ол.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар