Ғылыми жаңалықтар

«Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім» байқауының жеңімпаздары Қытайда білім алу грантын иеленді

02.07.2015

5750

Елордалық Оқушылар сарайында «Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім. Менің болашақ кәсібім аясында Қазақстан экономикасын «жасылдандырудың» жолдары» тақырыбындағы эссе байқауының жеңімпаздары атанған мектеп және колледждердің 15 түлегі марапатталды.
Байқау барысында 15 үздік жұмыс таңдалды. Байқауға қатысушы 10 адам Қытай мемлекеттік тау-кен ісі және технологиялар университетінде білім алу гранттарына ие болды. Байқаудың бес қатысушысы Миланда өтетін «ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесіне бару жолдамаларын алды.

Байқау комиссиясы жұмыстарды екі апта бойы қарап, байқаушылардың эссе тақырыбын ашу тереңдігі мен нақтылығын бағалады.

Эссе байқауы «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ мен ҚР білім және ғылым министрлігі жоспарлаған бірқатар шаралар аясында өтті.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар