Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанда 2015 жылға 40 мыңға жуық білім гранты бөлінді

02.07.2015

4975

Қазақстанның жоғары оқу орындарына келер оқу жылына 39 994 грант бөлінді. Бұл туралы Астанада өткен селекторлық алқа мәжілісінде білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев мәлім етті.
«Келер оқу жылына мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тапсырыс көлемі 39 994 орынды құрайды, соның ішінде бакалавриат - 32 168 грант, магистратура -7 241 грант, докторантура - 623 грант. Өткен жылдардағыдай биыл да мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі техникалық мамандықтарға беріледі - 42,4 %», - деді вице-министр.

Т.Балықбаевтың атап өтуінше, биылғы жылдың ерекшелігі - қазақ бөлімінде оқитын түлектерге гранттардың 75%-ы, ал орыс тілді түлектерге 25%-ы беріледі. «Бұндай шешім қазақ бөліміндегі конкурсқа қатысушылардың саны мен жинаған балдар деңгейін ескере отырып қабылданған», - деп мәлім етті ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар