Ғылыми жаңалықтар

Биыл 90 инженерлік-педагогикалық кадр біліктілігін арттырады

01.07.2015

4858

Биыл 90 инженерлік-педагогикалық кадр біліктілігін арттырады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев айтты.
«Бүгінгі күні жаңа технологияларды ескере отырып, жабдықтау үшін 57 зертхана мен оқыту шеберханалары анықталған. Бұл жыл сайын 200 млн. теңгені қажет етеді. 10 колледждің кадрлық сапасын, әлеуетін нығайту үшін шаралар қолданылады. Сондықтан биылғы жылы заманауи және жаңа оқу технологияларымен 90 инженерлік-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттырады»,- деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, жоғары оқу орны саласында 24 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленуде. Базалық жоғары оқу орындарында 24 жаңа зертхана құру жоспарлануда.

«Жаңа білім беру бағдарламалары шетелдік әріптес жоғары оқу орнын тарту арқылы әзірленіп, Қазақстанды индустрияландырудың 2015-2019 жылдарға арналған республикалық және өңірлік картасына сай дайындалған. Сол карта бойынша 2015-2017 жылдарға білім беру бағдарламаларын әзерлеуге әр жыл сайын 962,1 млн. теңге сомасында бюджеттік қаражат қарастырылған», - деді ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар