Өзектi

Биыл базалық ЖОО-ларға бейіндік магистратура бойынша 1900 грант беріледі - Е.Иманғалиев

01.07.2015

4818

Биыл базалық жоғары оқу орындары бейіндік магистратура бойынша 1900 орынға білім беру тапсырысын орналастыратын болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.
«Республикалық бюджет есебінен 2015 жылы шетелдік ғалымдарды тартуға 998,8 млн. теңге мөлшерінде, сондай-ақ академиялық ұтқырлыққа 590 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылған. 2015 жылы базалық жоғары оқу орындары бейіндік магистратура бойынша 1900 орынға білім беру тапсырысын орналастыратын болады», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, аталған мақсаттарға республикалық бюджеттен тиісті қаражаттар қарастырылған. Сонымен қатар, Назарбаев Университеті базасында жобаға қатысушы жоғары оқу орындарының проректорлары мен кафедра меңгерушілері білім беру бағдарламаларын жасау әдістемесі бойынша оқытылды.

«2017 жылдың соңына дейін ғылым мен экономика салаларының арасындағы байланысты іске асыратын базалық жоғары оқу орындарының және колледжердің инфрақұрылымын дамыту әрі материалдық-техникалық базасын дамытуды қамтамасыз ету және ИИДМБ аясында кадрлар даярлау жоспарлануда», - деді Е.Иманғалиев.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар