Өзектi

Германия сапары: оқу мен таным

30.06.2015

5341

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Неміс академиялық алмасу қызметінің (ДААД) «Оқу танымдық сапары» стипендиясының иегері атанып, Германияда 12 күн болып қайтты. Сапардың мақсаты –білімгер жастарды Германия білім беру жүйесімен және педагогикалық институттардың оқу мен оқыту жүйесімен таныстыру. Сонымен қатар, неміс университеттерімен халықаралық байланыс орнату және серіктестік құру.
Сапар аясында Германияның тек Бадан-Вюрттембер федералдық облысында ғана педагогикалық университтер сақталып қалғанын ескере отырып, Швебиш-Гмюнд, Гейделберг, Людвигсбург қалаларында орналасқан үш педагогикалық институт, сондай-ақ Иоганн Вольфганг Гете атындағы Франкфурт/Майн университетінің педагогика факультетін, Юстус Либиг атындағы Гиссен университеті мен Берлиндегі Гумбольд университеті және Дрезден қаласындағы Вальддорф мектебіне бару жоспарланды. Алғашқы үш күнде студенттер педагогикалық университтерде болып, Ваден Вюрттемберг облысының білім беру жүйесімен, ондағы оқу үрдісімен танысты. Неміс студенттерімен бірге «Бастауыш мектепте жазу дағдысын қалыптастыру», «Халықаралық салыстырмалы арнайы педагогика» және т.б. семинар сабақтарға қатысты. Бізді Гейдельберг, Людвигсбург педагогикалық университетінде ғылым және халықаралық қатынастар бойынша проректорлар қабылдап өз ЖОО таныстырды, болашақта қазақстандық педагогикалық ЖОО ынтымақтастық қарым-қатынас орнатудан мүдделі екендіктерін білдірді.

Дереккөзі: tarmpi.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар