Ядролық физика институты мен Азия Тынық мұхит теоретикалық физика орталығымен келісімге келді
Алматыда бүгін Ядролық физика институты мен Азия Тынық мұхит теоретикалық физика орталығының 9-кеңесі өтіп жатыр. Шараға Боголюбов атындағы теоретикалық физика зертханасы, ядролық зерттеу институтының өкілдері қатысып жатыр.
Мұндай ауқымды шара ядролық зерттеу институтының мүшесі болып табылатын Қазақстанда тұңғыш рет өтіп жатыр.
Жиын барысында əлемдік сарапшылар мен ғалымдар ядролық физиканың, астрофизиканың өзекті мəселелерін талқылап жатыр. Мамандар ауыр жəне өте ауыр элементтердің ыдырауы нəтижесінде пайда болатын элементар бөлшектер туралы тəжірибелерімен бөлісуде.
"Осындай кездесулердің басты мақсаты түрлі зерттеу ұйымдарының арасындағы байланысты нығайту болып отыр. Қазақстанда шынымен өте талантты ғалымдар бар. Біз олармен біріге отырып өзімізді қоршаған ортаны түсінуге бір қадам жасаймыз", - деді Сеул ұлттық университетінің профессоры Донг-Пил Мин.
Сондай-ақ, Ядролық физика институты мен Азия Тынық мұхит теоретикалық физика орталығымен келісімге келді. АТТФО президентінің айтуынша, бұл уағдаластық өзара ақпарат алмасып, келешегі бар ядролық-энергетикалық технологияларды дүниеге əкелетін ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
"Ядролық физика саласындағы зерттеулер үшін мұндай орталықпен біріге жұмыс жасау өте жемісті болмақ. Бүгінде институт ядролық медицина саласына қажетті түрлі дəрмектерді шығарып жатыр. Біз үшін осы саланы жетілдіру өте маңызды", - деді Ядролық физика институтының директоры Петр Чакров.
Дереккөзі: kazinform.kz