Өзектi

Екатеринборда қазақстандық студенттерді қолдауға арналған мақсатты капитал қоры құрылды

29.06.2015

5376

УПИ, УрГУ және УрФУ-ды бітіруші Қазақстан түлектері қауымдастығы эндаумент-қорының алғашқы капиталы 3 млн. рубльді құрады, деп хабарлайды Орал федеральдық университетінің баспасөз қызметі.
Кеше Екатеринборда Орал Федеральды университетінде оқып жатқан қазақстандық үздік студенттерді қолдау үшін мақсатты капитал қорын құру жөніндегі құжатқа қол қойылды.

Сәйкес құжатқа ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Ұлттық табиғи ғылымдар академиясының президенті, УПИ, УрГУ және УрФУ түлектерінің қазақстандық қауымдастығы басқармасының төрағасы Нұртай Әбіқаев және УРПИ бірінші проректоры, УПИ, УрГУ және УрФУ түлектері қауымдастығының тең төрағасы Дмитрий Бугров қол қойды.

Еске сала кетсек, 1970 жылы Нұртай Әбіқаев Уральск политехникалық институтының механика факультетін (қазіргі Механика-машина құрылысы институтын) бітірген.

Оның белсене қолдауымен 2014 жылы Астанада УПИ, УрГУ және УрФУ түлектерінің қазақстандық қауымдастығы құрылып, оның мүшелері Нұртай Әбіқаевты бірауыздан басқарма төрағасы етіп сайлады.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар