Өзектi

Талдықорған облыстық кітапханасының қоры 200 кітапқа толықты

29.06.2015

4868

Талдықорған қаласындағы С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың қоры 200 кітапқа толықты. Баспа басылымымен толықтыруға келешек ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне бей-жай қарамайтын адамдар жәрдемдесті.
Кітапханаға сый ретінде Әуезов, Горький, Макаренко, Белинский сияқты белгілі авторлардың кітаптары тарту етілді. Өзінің жеке кітапханасымен облыстың зиялы қауымы бөлісіп отыр. Мұндай шара «Туған жерге тағзым» республикалық акциясының аясында өткізілуде.

Жыл басынан бастап, облыстық кітапханаға 6 мың кітап түсті. Ұйымдастырушылар бұл жұмыс кітапханаға бірегей басылымдар жинауға, жас оқырмандар деңгейін арттыруға жәрдемдеседі.

- Интернет- ақпарат көзі екеніне дау жоқ, алайда ол рухани баюдың, ой-өрісті кеңейтудің бірегей жолы емес, жоғары деңгейді ұстану үшін де адамның қолында үнемі кітап болуы тиіс. Бұл акция, жүйелі түрде жалғасын табатын болса, жастарымызды кітапханаға қайтарады деп ойлаймын. Акцияға деген ерекше құрметпен өзім халықтар достығы кітапханасы сериясынан дүниежүзіне танымал жазушылардың 50 кітабын алып келдім, - деді Алматы облысының құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев.

Бүгінде кітапхана қорында 162 мыңнан астам кітап бар.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар