Өзектi

Талғат Мұсабаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің құрметті профессоры атанды

24.06.2015

4791

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығының шақыртуымен «Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаев ЖОО оқытушылық-профессорлық құрамы және студенттермен кездесті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстанда ғарыш саласына мамандар дайындауда базалық ЖОО болып айқындалған. Қазғарыш басшысы университет ұжымын ғарыш саласына маман даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Кездесуде ғарышкерге «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрметті профессоры» атағы мен профессор мантиясы табыс етілді.
Сондай-ақ, «Қазғарыш» басшысы университет ұжымына, профессорлық-оқытушылық құрамға, студенттерге Қазақстанның жоғары білімі мен ғылымын дамыту жолында шығармашылық табыс, денсаулық, жетістік тіледі.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар