Өзектi

Қорқыт Ата атындағы университетте «Назарбаевтану» ғылыми-оқу орталығы және «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы ашылды

22.06.2015

5261

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлттық жоспарын, еліміздің «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында Қорқыт Ата атындағы университетте «Назарбаевтану» ғылыми-оқу орталығы және «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы ашылды.
Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Назарбаевтану» ғылыми-оқу орталығы университетте 2014 жылы құрылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасына қарасты «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы жанынан қоғамдық негізде ашылды.

Орталықтың басты мақсаты - Елбасының ел тәуелсіздігін баянды етудегі, халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттырудағы ерен еңбегін насихаттау. Ал «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығының мақсаты ұлттық сана-сезімі, азаматтық, отансүйгіштік қасиеттері жоғары, ұлт мәдениетін дамыту мен сақтаудағы жауапкершілікті сезіне білетін, тарихи ой-өресі жетілген, өзге мәдениет өкілдерімен жүйелі сұхбат құра алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады.

«Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы «Педагогика және психология» кафедрасы жанынан қоғамдық негізде құрылды.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар