Өзектi

Білім додасында бақтары жанды

19.06.2015

5574

Қостанай қаласында «Химия» пәні бойынша өткен Республикалық VII пәндік олимпиадасында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері жеңімпаз атанып, Гран-при иеленді. Атап айтқанда, аталған оқу орнының Жаратылыстану ғылымдары факультетінің білімгерлері Ырысалды Тәңірбергенов (Х-12-1 тобы), Севда Гаджиева (Х-12-2 тобы), Асмира Сейсен (Х-13-1 тобы) өздерінің білімдерін барлық тур бойынша айқын дәлелдеп берді.
Аталмыш топтың жетекшісі Р.Б. Жарлықапованың айтуынша, ТарМПИ-лік қатысушылар үшін 2 тур тапсырмалары аса қиындық туғыза қойған жоқ. Бұған заманауи құралдармен жабдықталған зертханаларда химиялық қондырғылармен жұмыс істеу өз ықпалын тигізгені рас. Сондай-ақ, оқу процесі барысында теорияны практикамен шебер ұштастыру да өз септігін тигізді.
Сайыс қорытындысы бойынша «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққандар Алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпат көрсетілді.

Дереккөзі: tarmpi.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар