Өзектi

Атырауда студенттер орта ғасырда өмір сүрген жауынгердің қорымын тапты

18.06.2015

5190

Атырау облысы Индер ауданының Теректі жерінде орта ғасырда жерленген жауынгердің қорым табылды.
«Қазба жұмыстарын жазғы тәжірибе кезінде Атырау мемлекеттік университетінің студенттері, болашақ тарихшылар өткізді. Қорымды ерекше деп атауға болады. Жауынгермен бірге оны жылқысы да бірге жерленген. Сондай-ақ, қабірдің ішінде ұзындығы 1 метрдей қылыш, жебе ұштары, ұзындығы 1 метрден асатын сауыт, ер-тұрман элементтері болған. Темір сауыттың 20 келілік салмағына қарағанда, ол атты қорғауға арналған.

«Археологтар тапқан барлық материалдар IX-XI ғасырлардағы оғыз дәуіріне жатады. Себебі, ат сауыттарын тек оғыз тайпалары ғана жасаған», - деп хабарлады археологияның оқу-ғылыми зертханасының меңгерушісі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің археология-этнография мұражайының директоры Әния Ермағамбетова.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар