Өзектi

Г.Әбдіқалықова сингапурлық ғалымдармен кездесті

16.06.2015

4847

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Сингапур ұлттық университеті Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубани бастаған ғалымдар тобымен кездесті.

«Біздің елдерімізді достық қарым-қатынас байланыстырады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Ли Куан Ю біздің президентімізбен өте жылы байланыс орнатты. Біз, менің әріптестерім Ли Куан Юдің «Үшінші әлемнен бірінші әлемге» атты кітабын зор қызығушылықпен оқып шықты. Әрине, оның қазасын күйзеліспен қабылдадық»,- деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде Қазақстан Сингапурдың барлық саладағы тәжірибесін жете зерделеп отырғандығын баса атап өтті.

«Біздің экономика, білім, мәдениет саласындағы әріптестеріміз сіздердің тәжірибелеріңізді зерделеу үшін бірнеше мәрте барып қайтты. Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерінің салтанатты шарасы күнінде келуіңіздің де символдық мәні бар. Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі мен Назарбаев Университеті жоғары мемлекеттік саясаты мектебі тығыз қарым-қатынас орнауда», - деді ол.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы әңгімелесушілерге Мемлекет басшысы ұсынған 5 институттық реформаны, соның бірі - экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметтерді ұсынатын заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыратын реформаны іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастары Қазақстанның адами әлеуетін одан ары сапалы дамуына септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар