Өзектi

Елбасы Назарбаев Университетінің үздік түлектеріне диплом табыс етті

16.06.2015

5403

Бүгін Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің үздік түлектеріне диплом табыстады.

ҚР Президенті қолынан үздік диплом алғандар қатарында Әлия Жақсиева, Айсұлу Айтбекова, Анар Қасымова, Әділет Өтемісов, Темірлан Сейдахметов, Жанар Шоқаева, Айжан Темірбаева, Алтынай Дүйсенбекова, Валентина Винокурова болды.

Айта кетейік, 2010 жылы Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған бұл оқу орны отандық білім берудің үздік үлгісі болып табылады. Биыл Университетті 446 студент тәмамдап отыр. Таратылған мәліметтерге қарағанда, жалпы оқу орны ашылғаннан бері жеті мектептегі студенттер саны 2 800-ге дейін жетті. Жыл сайын 500 адам оқу грантына ие болуда. Магистранттар мен докторанттар да мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар