Өзектi

Екінші Еуропалық радиологтар мектебі

15.06.2015

5221

2015 жылғы 1-12 маусым аралығында Астана қаласында «СИМЕНС» компаниясының қолдауымен «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ базасында Еуропалық радиологтардың бастамасы бойынша «ESOR Astana Tutorial 2015» екінші Еуропалық радиологтар мектебі өткізілуде.
Еуропалық радиологтар мектебінің мақсаты Орталық және Орта Азияның (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) жас радиолог мамандарын радиологиялық диагностиканың стандарттары бойынша оқыту болып табылады.
Қазіргі таңда диагностикалық процестегі радиологиялық әдіснамалардың маңызды орны даусыз. Соңғы 10 жылда ғылыми-техникалық прогресстің алға ілгерілеуінің арқасында компьютерлік және магнитті-резонансты томография, ультра дыбыстық зерттеулер және емдік интервенциондық араласулар сияқты жаңа технологиялар пайда болып, диагностикалық мақсаттарда қолданылуда. Алайда Орталық және Орта Азия елдеріндегі емдік-диагностикалық қызметтің көптеген аспектілері қайта қарау мен тұрғылықты ұйымдастыруды қажет етеді.
Деректерге Еуропа, Рессей және Қазақстан сияқты елдердің ірі мамандарының профессор Lorenzo Bonomo (Италия) – Еуропа радиологтар қауымдастығының экс-президенті, профессор Nicholas Gourtsoyiannis (Греция) – Еуропа радиологтар мектебінің директоры, профессор Paul M. Parizel (Бельгия) – Еуропа радиологтар қауымдастығының 1 Вице-президенті, профессор Panos Prassopoulos (Греция), профессор Синицин В.Е. (Мәскеу) – Вице-Президент Российской ассоциации радиологов, профессор Тюрин И.Е. – Рессей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің бас радиологы, профессор, Н.Л. Шимановский атындағы РАМН корр.-мүшесі (Москва), профессор Рахимжанова Р.И. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас радиологы және т.б. дәрігерлердің дәрістері кіреді.
Ғылыми-техникалық алдыға ілгерілеуінің жоғарғы деңгейінде тұрған дамыған елдердің мамандарының тәжірибесі өте пайдалы болып, ESOR Astana Tutorial 2015 Еуропа радиологтарының мектебінің дамуындағы елеулі кезең болып, Орталық және Орта Азия елдерінің медициналық қызметінің дамуына үлкен үлес қосып, осы Республикалардың Денсаулық сақтауына пайдасын тигізеді деген ойдамыз.


Дереккөзі: nmh.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар