Өзектi

ҰБТ индексі бойынша Астана қаласы бірінші орынға шықты

15.06.2015

5010

Ұлттық бірыңғай тестілеудің композиттік индексі бойынша биыл Астана қаласы бірінші орын алды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің
Білім беру мен ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.

«ҰБТ қорытындыларын біз бұған дейін облыстарға орташа балл қойып, сол арқылы білім деңгейін анықтап келгенбіз. Биыл біз алғаш рет композиттік индексті енгізіп отырмыз. Бұдан былай «ҰБТ индексі» деп аталатын бұл көрсеткіш ешқандай да облыстардың, мектептердің рейтингін білдірмейді. Өйткені, тәжірибеден белгілі, рейтинг қуғандар бір бірімен «жарысқа» түсіп кеткен болатын. Ал жаңа индекс үш бөліктен тұрады, бұлар, біріншіден, өңірдегі ҰБТ бойынша орташа балл. Екіншіден, бітірушілердің жалпы санының ҰБТ қатысушыларға үлес салмағы. Үшіншіден, тіркелген бұзушылықтар көрсеткіші», - деді С. Нүсіпов.

«Бітірушілердің қатысу индексі бойынша Астана қаласы Қазақстанда бірінші орынға шығып отыр. Яғни, ең жоғары балл Астанаға тиесілі және ол 81 пайызды құрады. Ал ҰБТ орташа балл индексі бойынша Алматы қаласы бірінші орында тұр», - деді комитет басшысы.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар