Өзектi

Таразда педагогтардың инновациялық идеялар байқауы мәреге жетті

15.06.2015

5627

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздар арасында «Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар» байқауы қорытындыланды. Аталған шара биыл тұңғыш рет өткізіліп отыр. Байқаудың мақсаты - жоғары оқу орны профессор-оқытушылар құрамының инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату, деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, шара аясында аймақтағы педагогтардың инновациялық білім беру қызметіне ынталандыру, білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кәсіби түрде дамыту, мұғалімдердің сапалы сандық оқу материалдарының қолжетімді базасын құру да көзделген.

Бес бағыт бойынша өткізілген байқауға 70 жұмыс келіп түсіп, соның ішінде 15 инновациялық жоба үздік деп танылды. Жұмыстар инновациялық идеяның өзектілігі, мазмұнының жаңашылдығы, ұсынылған идеяның танымдық құндылығы, жобаның инновациялық түрде берілуі, тәрбиелік және даму аспектілері сынды өлшемдер бойынша бағаланды.

«Заманауи мектеп алдына қойылған міндеттерді шешуде мұғалім жұмысының маңызы зор. Мұндай жұмыс педагогикалық шеберліктің шыңдалуын қамтамасыз етеді. Фестиваль конкурстық қозғалыстар мен педагогикалық бірлестіктердің инновациялық білім беру технологиялары мен әдістемелерін анықтау және тарату жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылуда. Ол инновация режімінде белсенді қызмет атқаратын педагогтар үшін тамаша демонстрациялық алаң болып табылады», - деді ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова.

Үздік инновациялық жобалар республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің іріктеу айналымына қатысуға ұсынылды.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар