Өзектi

Павлодарда жас өнертапқыштар өз зымырандарын ұшырды

15.06.2015

5188

Павлодарда 12 маусымда республиканың 14 облысында өткен техникалық шығармашылық жарысының жеңімпаздары өзара күш сынасты. Екі күн бойы 128 моделші өз планерлерінің, зымырандары мен кемелерінің қандай деңгейде екендігін көрсетеді
Қала сыртындағы Кенжекөл елді мекенінде әуеде 40 планер ұшып жүрсе, 14 зымыран аспанға атылды, деп хабарлады білім басқармасының маманы Балжан Әділханова.

Қалада Усолка өзенінің жағасында 30 бала өздері жасаған әр түрлі кемелерін көрсетті.

«Жас моделшілердің бәсекесі Қазақстанда жыл сайын өткізіледі»,-деп атап өтті Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша беру оқу-әдістемелік орталығының» директоры Раиса Шер.

«Өткен жылы балалар Ақтөбе облысында авиамоделизм және кеме жасаудан жарысты. Ал биылғы жылы Павлодар таңдалды. Өйткені мұнда жас техниктердің шығармашылығына жан-жақты жағдай туғызылған балалар техникалық мектебі табысты жұмыс істеп жатыр».

Алда әлі бәсекенің үш түрі бар. Олар ертең өтеді және жеңімпаздардың есімдері аталады.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар