Өзектi

Пан Ги Мун әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның құрметтi докторы атанды

12.06.2015

4866

Астанада БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң құрметтi докторы атағы берiлдi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жаңа ғимаратының ашылу рәсiмiнде аталмыш атақты және арнайы қазақи стильдегi мантияны университет ректоры Ғалым Мұтанов тапсырды.

«Аса мәртебелi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза! Сiзге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң құрметтi докторы атағын табыстау бiздiң ұжым үшiн ғана емес, барлық Қазақстанның бiлiм саласы үшiн үлкен мәртебе! - дедi Ғ. Мұтанов. - Өзiңiз ұсынған Академиялық ықпал бағдарламасы әлемнiң барлық университеттерiнен қолдау тауып, БҰҰ-ның он бағыты, он принципi бойынша, олар өз үлестерiн қосуда. Бiздiң университет үшiн осы бағдарламадағы тұрақты даму бағыты бойынша, БҰҰ-ның әлемдiк хабы болу -үлкен мәртебе және зор жауапкершiлiк. Осы мiндеттi ақтайтындығымызға сендiргiм келедi. Сiздiң мамыр айында Сеул қаласында бiздiң жұмысымызға берген оң бағаңыз жаңа табыстарға жiгерлендiредi. Құрметтi Пан Ги Мун мырза! Бiздiң университеттiң ғылыми кеңесiнiң шешiмi бойынша, Сiзге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң құрметтi докторы атағын және әл-Фараби атындағы алтын медальдi табыстауға рұқсат етуiңiздi сұраймын».

Пан Ги Мун бұл сыйлы құрметтi қабыл алып, Ғалым Мұтановқа және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң ұжымына алғысын айтты.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар