Өзектi

Қарағанды геологтары Мәскеуден олжалы оралды

09.06.2015

5224

Мәскеу қаласында өткен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан қарағандылық геологтар жеңіспен оралды, деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
Ең үздік баяндама аталымы бойынша, Евгений Сергеев ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол Ресей, Алжир, Беларусь, Өзбекстан елдерінен қатысқан 60 жас ғалымның ішінен үздік болып алға шықты.

Конференция жұмысынан бөлек ғалымдар, жас геологтар Н.М. Федеровский атындағы бүкілресейлік минералды шикізатты ғылыми-зерттеу институтына барып, қазіргі уақытта геология және радиоэкология саласында қолданылып жүрген радиоизотопты тәсілдермен танысты.


Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар