Өзектi

ҰБТ-ның 6 күнінің нәтижесі бойынша орташа балл 79,5 құрады - ҚР БҒМ

09.06.2015

5595

ҚР Білім және ғылым министрлігі республика бойынша 6 күндік ҰБТ-ның есебін жариялады. Оған сәйкес түлектердің орташа баллы 79,5 құрады.
«2015 жылғы 2-7 маусым аралығында ҰБТ 165 бекет бойынша өткізілді.Тестілеуге 85 856 өтініш бергендердің ішінен 80 980 (94,3%) түлек қатысты. Орташа балл - 79,5 құрады. 50 баллдық шекті деңгейден 65 947 түлек (81,4 %) өтсе, 100 баллдан жоғары нәтижені 14 133 (17,5 %) түлек алды», делінген хабарламада.

Ал ең жоғарғы ұпай 125 баллды - 5 оқушы: Ердосова Гүлназ Жандосқызы (Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі); Мұстафина Риана Еркінқызы (Астана қ. №59 мектеп-лицейі); Самат Сымбат Қуанышқызы (БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі) және Лаура Абдазимова (ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі); Яковлева Анастасия Владимировна (Алматы қ. №90 лицейі) жинады (2014 жылы - 4 түлек).

Тестілеу нәтижесі ҰБТ өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілінумен қатар Ұлттық тестілеу орталығы сайтына (www.testcenter.kz) енгізіледі.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар