Өзектi

Қазақстандық ғалымдар түйе шаруашылығының өзекті мəселелерін талқылады

08.06.2015

5528

Алматыда əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жібек жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» тақырыбында конференция өтіп жатыр. Мұнда 35 елден 100-ге жуық делегат келді.
Шара «ISOCARD Kazakhstan» қоғамдық қорымен бірге ұйымдастырылды.

Бұрын аталған форумдар БАƏ, Тунис, Оман сұлтанатында өткізіліп келген.

Қазақстан ғалымдары, зерттеушілері мен түйе өсірушілері жаһандық климаттың өзгеруі, шөлейттену жəне жер бетіндегі адам санының өсуі, азық-түлік қауіпсіздігі мəселелерін талқылауда.

Түйе шаруашылығы Қазақстанда жақсы дамыған. Мұнда қос өркешті жəне бір өркешті түйелерді өсіру дəстүрі сақталған. Осы дəстүр шетелдік мамандардың аса зор қызығушылығын тудырып отыр.

«Қазақстан сан ғасырлар бойы Батыс пен Шығысты біріктірген Ұлы Жібек жолының бойында жатыр. Бұл жолдың басты символы - түйе жануары. Түйе өте төзімді жануар. Ол апталап су ішпей жүре алады. Жаһандық климаттың өзгеруі, əсіресе, шөлейттену үдерісі кезінде оларды асырап бағудың маңызы арта түседі. Соның ішінде, адамзаттың азық-түлік қауіпсіздігі мəселелері жəне бар. Осындай маңызды шараның Қазақстанда біздің университетімізде өтіп жатқанына өте қуаныштымын»,- деді ЖОО ректоры Ғалым Мұтанов.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар