Өзектi

General Electric, Microsoft, Samsung және басқа да танымал компаниялар Назарбаев Университеті аумағында корпоративтік орталықтар құрады

05.06.2015

4951

«Назарбаев Университеті» зияткерлік инновациялық кластерінің аумағында General Electric, Microsoft, Intel және басқа да әлемдік танымал компаниялар корпоративтік орталықтарын орналастырады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХVIII пленарлық отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, «Астана бизнес кампус» ғылыми саябағы аумағына әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялық компанияларды тарту мақсатында 90-нан астам компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, алтауымен меморандумдарға қол қойылды. Олардың арасында General Electric, Microsoft, Intel, Hewlett-Packard, Samsung және Huawei бар.

«Компаниялар «Назарбаев Университеті» зияткерлік инновациялық кластерінің аумағында корпоративті орталықтарды құруды жоспарлап отыр»,- деді Ә.Исекешев.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар