Өзектi

Химиядан Нобель сыйлығының лауреаты Ирвин Роуз қайтыс болды

04.06.2015

4895

АҚШ-та 2004 жылы химия саласында Нобель сыйлығының лауреаты атанған ғалым Ирвин Роуз 88 жасында дүниеден озды, деп хабарлады Associated Press. Ол Дирфилд (Массачусетс штаты) қаласында сейсенбі, 2 маусымда ұйқыдан оянбаған.
Ирвин Роуз 1926 жылы 16 маусымда Нью-Йорктің Бруклин ауданында туған. 1948 жылы Вашингтон штаты Университетін тәмамдаған, төрт жылдан кейін диссертация қорғады. Ол Фокс Чейзеде (Филадельфия, Пенсильвания штаты) Онкологиялық орталықта ғалымдар тобының басшысы болды. 2004 жылы Аарон Чехановер және Аврам Гершкомен бірге жасушадағы ақуыздардың убиквитин-жанама ыдырауы - аса маңызды циклдік үрдістердің бірін ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған болатын.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар