БАӘ-нің ірі медициналық желісі Қазақстандағы медициналық қызметтерді дамытуға көмектесуге дайын
ҚР Президенті істері Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының делегациясы Біріккен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.
Сапар барысында қазақстандық дәрігерлер БАӘ-нің Әбу-Даби және Дубай қалаларындағы бірқатар үздік медициналық мекемелерде болады. Біздің дәрігерлер БАӘ-нің жетекші медициналық орталықтарының басшылығымен танысып, ынтымақтастықтың болуы мүмкін нұсқаларын талқылап үлгерді. Бұдан басқа, қазақстандық мамандар үшін олар барған мекемелердің аумағында арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды.
БАӘ-гі арнайы тілшіміз қазақстандық дәрігерлердің жұмыс сапарына қатысып, ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Әмір Ахетовтан сұхбат алды.
«Президент істері басқармасы дәл солай аталатын үлкен емхананы салды, онда біз әлемдік медицина саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді топтастырдық. Қазіргі кезде емхана салудан бөлек, оны заманауи жабдықтармен қамтамасыз еттік, енді білім-кеңес беру бағдарламалары саласында бізбен ынтымақтасатын халықаралық серіктестерді табуымыз керек. Біздің дәрігерлеріміз білім алып, шетелдегі шеберлік сыныптарына баруына немесе ірі әлемдік емханалардың дәрігерлері біздің білімімізді байыту үшін Қазақстанға келуіне мұқтажбыз.
Дубай және Әбу-Дабиде жүргеніміз кездейсоқтық емес, өйткені бізді жаңа бағыт қызықтырды. Біз Еуропа, Израиль, Оңтүстік Корея елдерімен жақсы ынтымақтастықты жолға қойдық. Менің ойымша, бізге АҚШ-пен байланысы бар медицина қажет. Яғни Қазақстанда әлі аз зерттелген стандаттар бар. Американың алыста болуына байланысты, бұл жағдайда Астана мен Алматыдан 4 сағаттық ұшу уақытын алатын Дубай қолайлы болды, менің ойымша, ол американдық технологиялардың трансферт орталығы болып табылады. Біз, қазақстандықтар, оны егжей-тегжейлі зерттей аламыз.
Өз кезегінде DM Healthcare компаниялар тобының вице-президенті Ала Атари ҚР Президенті істері Басқармасы медициналық орталығы ауруханасының байланыстарды орнату бастамасын қолдап, ҚР-дің Дубайдағы Бас консулдығына бұл бағытта көрсетіп отырған көмегі үшін алғыс білдірді.
«Қазақстандық достарымызбен біздегі тәжірибемен қуана бөлісуге дайынбыз»,-деді ол.
Сапар барысында қазақстандық мамандарды, дәрігерлерді біздің медициналық орталықтарда даярлау мәселелері ортаға салынды.
Medcare 1990 жылы «Бур Дубай» ауданында төрт қызметкер негізін қалаған DM Healthcare Group тобында премиум-сегмент брендтерінің бірі болып табылады. Қазіргі кезде желіде 22 емхана, 45 дәріхана, 3200 қызметкері бар ауруханалар жұмыс істеп отыр. Бұдан басқа, DM Healthcare Group-тің Парсы шығанағы, Үндістан және Ұлыбритания елдерінде өкілдіктері бар.
Дереккөзі: kazinform.kz