Өзектi

Саясаттанушы Қазақстандағы ЖОО-лардың бiрiн Ә.Бөкейханұлының есiмiмен атауды ұсынды

04.06.2015

5469

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi саясаттану кафедрасының доцентi, PhD докторы Жақсылық Сәбитов Қазақстанда университеттердiң бiрiн Әлихан Бөкейханұлының есiмiмен атауды ұсынды.
«Қазақстанда көптеген тарихи тұлғалар әлi күнге дейiн өз деңгейiнде бағасын алған жоқ. Мәселен, сондай тұлғалардың бiрi - Әлихан Бөкейханов. Келесi жылы бiз оның 150 жылдығын атап өтемiз», - деді ғалым.

Оның айтуынша, «Алаш Орда» көсемі Кеңес үкіметіндегі оқулықтарда жазылғандай ұлтшыл емес еді, ол - ұлттың нағыз мақтаншы.

«Ә.Бөкейханұлы - Алашорданың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан адам. Оның есiмi бiрде-бiр университетке берiлген жоқ. Бұл - менiңше, өте үлкен олқылық», - дедi ол ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Ж. Сәбитов.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар