Өзектi

Үздік мультимедиалық өнім байқауы

02.06.2015

4997

ТарМУ-дың акт залында ЖОО инновациялық жетістіктерінің VIII Презентациясы және оның аясында «ЖОО-ның үздік мультимедиалық өнімі» IV Байқауы болып өтті. Іс-шара университеттің даму стратегиясын жүзеге асыру мониторингі және оқытудың заманауи технологиялары бөлімінің «ТарМУ – аймақтағы білім беру инновациясының көшбасшысы» бейнепрезентациясымен ашылды. Биыл байқау өткізілген жұмыстардың мазмұндылығымен ерекшеленді. Жоғары оқу орнының 48 оқытушысынан келіп түскен жұмыстардың барлығы бағалау комиссиясының терең саралауынан өтті. Барлығы 43 жұмыс қаралып, олар келесі номинациялар бойынша лайықты орындарын алды.

1.«Үздік менеджер» номинациясы бойынша: I орын – аға оқытушы, МГжМ институтының «Мұнай-газ ісі» кафедрасының менеджері Э. Альмаханова; II орын – аға оқытушы, ЭжБ институтының «Есеп және аудит» кафедрасының менеджері М. Әбдіманапов; III орын – берілген жоқ.
2. «Үздік флипчарт» номинациясы бойынша: I орын – берілген жоқ; II орын – ГӘҒИ «Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушысы А.Саулебаева; III орын –СШЭжҚИ «Жерге орналастыру» кафедрасының аға оқытушысы Ж. Шокимова;
3. «Пәннің инновациялық толықтырылуы» номинациясы бойынша»: I орын – берілген жоқ;
II орын – ЗИ «Философия және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушылары Л. Кудлай, Г. Иманбекова; III орын – ГӘҒИ қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Б. Мұртазаева; III орын – ГӘҒИ шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары О. Антимонова, Ш. Казбекова, Г. Кантаева.
4. «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша: I орын - ТжАЖИ «Қолданбалы математика» кафедрасының аға оқытушысы А. Шевцов; II орын - «Философия және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы П. Мамедова; III орын – ТжАЖИ «Компьютерлік жүйелер» кафедрасының оқытушысы А. Бапанов иеленді.
Жеңімпаздарға дипломды университет басшысы Махметғали Сарыбеков табыстады. Сонымен қатар, байқауға қатысып, орын алғандарға ақшалай сыйақы да тағайындалды.
Аталмыш байқау, биыл төртінші мәрте өткізіліп отырғанын ескерсек, бұл шара өзінің берік трендін қалыптастырып үлгерді. Биыл институттар 43 жұмыс ұсынды, ал өткен жылы байқауға 46 жұмыс қатысқан. Байқаудың институт деңгейіндегі кезеңіне барлығы 67 оқытушы қатысты. Бұл әрбір тоғызыншы оқытушы байқауға қатысып, өзін жеңіске лайқтымын деп есептейді деген сөзі.
Байқауды қорытындылау барысында «Үздік менеджер» және «Үздік ашық сабақ» номинациялары бойынша І дәрежелі диплом жеңімпаздарының, «Үздік флипчарт» және «Пәннің инновациялық толықтырылуы» номинациялары бойынша ІІ дәрежелі диплом жеңімпаздарының презентациялары көрсетілді. Сондай-ақ, жеңімпаздарға, басқа жоғары оқу орындарының өкілдеріне сөз беріліп, олар өз әсерлерімен бөлісті.
Іс-шараны ТарМУ ректоры, п.ғ.д., профессор М. Сарыбеков қорытындылады. Ректор өз сөзінде ЖОО инновациялық жетістіктерінің жыл сайынғы Презентациясы – университетіміздегі білім беру қызметін модернизациялаудағы басты оқиға екенін атап өтті. «Бұл университет өміріндегі формалды оқиға емес, қайта, бұл – оқытушылардың кәсіби шыңдалу және шеберлік мектебі. Биыл Байқау Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясына арналды және «Мақсат – жетiстiктiң желкенi» деген девизбен өтті. Бұл девиз ТарМУ үшін басты құндылықтардың бірі - адам капиталын дамыту, динамикалық, шығармашыл оқытушыларды қолдауды білдіреді»-деп, Махметғали Нұрғалиұлы, байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері толықтай орындалды деген жоғары баға берді.


Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар