Өзектi

Мектеп оқулықтарын шығаратын білікті мамандар тапшы - ҚР БҒМ

19.05.2015

4580

Қазақстанда мектеп оқулықтарын шығарумен айналысатын білікті мамандар тапшылығы байқалады. Бүгін Мәжілісте «Оқулықтардың сапасы және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету» атты тақырыптағы Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай мәлімдеді.
Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда оқулық сапасына бірден бір әсер ететін фактор сарапшылар мен оқулық дайындаушылардың біліктілігі болып табылады.

«Осыған орай, оқулық авторлары мен сарапшылардың сапалылық құрамына жүргізілген талдаулар елімізде тиісті біліктілігі мен тәжірибесі бар мамандардың тапшылығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар оқулық жазатын авторлық корпустың «қартаюы» да байқалуда», - деді Аслан Сәрінжіпов.

Министрдің сөзіне қарағанда, осындай олқылықтың салдарынан оқулық жазатын авторлар құрамы кейде осы салада жұмыс істемеген, оқулық материалдарын шығарумен айналыспаған мамандардан құралатын жағдайлар да кездесіп жатады. Сондықтан да ведомство басшылығы шетелдік мамандарды тарта отырып, оқулық дайындайтын мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын қолға алған.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар