Өзектi

Байқоңырда мексикалық спутникті орбитаға шығару кезінде штаттан тыс жағдай орын алды

18.05.2015

4605

Байқоңыр ғарыш алаңының 200-ші алаңында «Бриз-М» үдету блогы және мексикалық «МекСат-1» байланыс серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды.
«Протон-М» зымыран-тасығышының Байқоңырдан ұшырылуының тікелей көрсетілімін «Жерүсті ғарыштық инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы» ФМУК қамтамасыз етті. Ғаламтор желісінің барлық пайдаланушылары http://www.federalspace.ru/317/ сайтынан стартқа дейінгі екі сағаттың ішінде ғарыштық зымыранды даярлаудың соңғы іс-қимылдарын және оның ұшырылуын тікелей эфирден тамашалады.

Ғарыш аппаратының үдету блогынан ажырауы ұшырылғаннан кейін 10 минуттан соң жоспарланған.

Алайда 420-шы секундта штаттан тыс жағдай орын алғаны туралы хабарланып, репортаж аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, «Мексат-1» мексикалық байланыс серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру әуелде 2015 жылғы 29 сәуірге жоспарланып, тапсырыс берушінің өтініші бойынша кейінгі мерзімге ысырылған болатын.

Росғарыштың баспасөз қызметінің ақпаратынша, спутникті дайындап шығарушы - «Боинг» компаниясына борттағы аппаратураны тексеру үшін қосымша уақыт қажет болған.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар